29.07.2024, 18:05
Оқиғалар
Атырауда жасөспірім бесінші қабаттан құлап кетті
Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу дерегімен қылмыстық іс тіркелді
Фото: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен
Атырауда жасөспірім бесінші қабаттан құлап, мерт болды. Жергілікті полиция басқармасы «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу дерегімен қылмыстық іс тіркелгенін» мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға 28 шілдеде сағат 06:30 шамасында болған.
«Көпқабатты үйлердің бірінің 5-қабатынан құлап қайтыс болған 2009 ж.т., жасөспірімнің өліміне қатысты өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу дерегімен қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды», - деп хабарлады ПД.
Еске салайық, Атырау облысында 14 жастағы бала түйеге соғылып көз жұмды.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды