$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Менің өлгенімді қалайсыңдар ма?»: сотта сөз сөйлеген Дана Әтешова жылап жіберді

Ол 12 шілдеде болған жағдайды баяндағанда көз жасына ерік берді

«Менің өлгенімді қалайсыңдар ма?»: сотта сөз сөйлеген Дана Әтешова жылап жіберді
Фото: видеодан скриншот

Астанада Марат Әйтенов пен Дана Әтешоваға қатысты сот отырысында жәбірленуші сөз сөйледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дана Әтешова 12 шілде күні болған жағдайды айтып берді. Үйден шығару бойынша сот орындаушылар келетінінен бір күн бұрын ол өз оқырмандарын үйіне шақырған.

«12 шілде сағат 14:00-де келуі тиіс еді адамдар. Бірақ сол күні таңертең 09:00 болмай отызшақты ер адам үйді қоршай бастады. Олар қожайын Марат Шириевтің айтуымен осы жерге жиналғандарын жеткізді. Балалар шошып кетті. Балаларыма бәрі жақсы болады, әл-ақ осы үйден шелпек пісіріп, иіс шығарып, көшеміз дедім. Сот орындаушылары түстің кезінде келетінін айтып келген адамдардан сұрадым. Кейін адвокатыма хабарласып, онымен кездесуге баратынымды айттым. Бірақ менің шығуыма рұқсат бермеді. Бізге заттарымызды алуға рұқсат бермей, менің көмектесуге келген туыстарымды да кіргізбеді», - дейді ол.

Дана Әтешова оның шақыртуына екі полиция қызметкері келгенін айты.

«Мені сыртқа шығарыңдар деп сұрадым. Олар бұл жерде сот орындаушыларының мүддесі үшін келгенін айтты. Үйге кірсем, қызымның жағдайы нашарлап кетіпті. Қобалжып отырды. Келген адамдар да хаттамаға сай емес әрекет еткенін көрдім. Осының бәрін көрген менің жүйкем жұқара бастады. Кейін жеке сот орындаушы Марат Әйтенов балаларымен кездескісі келетіні жайлы ақпараттандыратын қағазды ұсынды. Үйге кірсем, қызым ентігіп, жағдайы нашарлай бастады. Кейін Марат Әйтенов келді. Мен оған қызымыздың жағдайы нашарлады, оны жедел жәрдемге көрсетейік дедім. Ол қызына «сен мүләйімсіме, сендерді бәрібір шығарады» деп айтқан», - дейді Дана Әтешова.

Жәбірленуші осыдан кейін дүрбелең басталғанын айтты. Бейбіт түрде көшу процессі жайына қалған.

«Сот орындаушысы үйдің кілтін бұзып кіріп, бірінші қабатты аралай бастады. Келген 50 адамнан бөлек, 20 ер адам үйге кіріп келді. Барлығы 50 еркек үйде жүрді. Олар ыдысты алып, қытайдың сөмкесіне лақтырып сала бастады. Осы әрекеттен кейін бәріміз шошып кеттік. Олар екінші қабытқа шығып, менің жеке заттарыма қол сұғатынын білдім. Оларды тоқтатып, екінші қабатқа жібермеймін дедім», - дейді жылап алған Дана Әтешова.

Әтешова Марат Әйтенов үйге келген соң балаларға психологиялық қысым көрсеткен деп отыр

«Ол «менің өлгенімді қалайсыңдар ма? Пышақпен тілгілесін бе?» деп балаларға неше түрлі сұрақ қоя бастады. Балалар одан сайын жылай бастады», - дейді Әтешова.

Серіктес жаңалықтары