Семейлік жігіт 102 арнасының операторын түк қоймай боқтаған (ВИДЕО)
Бұл әрекеті видеоға жазылып қалған
102 арнасының операторына балағат сөздер айтқан семейлік қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ер адам қаладағы дәмхананың біріне мас күйінде келген. 102 арнасына қоңырау шалып, билік өкіліне тіл тигізген.
«Енді тұрғынға билік өкілін қорлағаны үшін 160 АЕК мөлшеріне дейін айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе қырық тәулікке дейін қамауға алынады», - деп хабарлады ІІМ.
Полиция азаматтарға полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың заңды әрекеттеріне кедергі келтіргені үшін, сондай-ақ полицейлерді қорлағаны үшін құқық бұзушыларға қылмыстық жауапкершілік жүктелетінін еске салады.