Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады
Желіде білгісіз ер адамның машинаның терезесінен қолын шығарып, тапаншамен аспанға екі рет оқ атқан видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қала көшелерінің бірінде үйлену тойы кортежі жүріп өткен. Қостанай облысының полиция департаменті тапаншадан шын оқ атылғанын терістеді.
«19 шілдеде Тәуелсіздік көшесімен келе жатып, автокөлік жолаушыларының бірі көліктің терезесінен тапанша ұстаған қолын шығарып, атып жатқандай болды. Содан кейін монтаждау арқылы кадрға оқтың атылған дыбысы қойылды», - делінген хабарламада.
Қазір үйлену тойы кортежіне мінгендер анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы материал мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілген.