$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.07.2024, 00:30
Оқиғалар

«Тамырын кескен»: Көкшетауда полицей өзін-өзі өлтірмек болған ер адамды құтқарды

Қазіргі уақытта ер адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ

«Тамырын кескен»: Көкшетауда полицей өзін-өзі өлтірмек болған ер адамды құтқарды
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Көкшетауда полиция қызметкері тамырын кесіп, өзін-өзі өлтірмек болған ер адамды құтқарып қалды. Бұл туралы Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ПД мәліметінше, келеңсіз жағдай 23 шілде күні тапа-тал түсте Көкшетау қаласының орталық алаңында болған. Алаңды патрульдеу кезінде патрульдік полиция батальонының қызметкері, аға лейтенант Серікбай Қазбеков «Cinema Alem» кинотеатрының жанында бейтаныс ер адамның өз қолының тамырын кесіп жатқанын көрген. Полиция қызметкері бірден көмекке ұмтылған. 

«Тәртіп сақшысы ер адамды сөзге тартып, оның мұндай әрекетке баруына жеке сипаттағы мәселе екенін анықтады. Артынша дереу жақын маңдағы стационарлық полиция бекетіне жеткізіп, білегіне жгут салды және жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Қазіргі уақытта ер адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, ол дәрігерлердің бақылауында», - делінген хабарламада. 

Серіктес жаңалықтары