Қазақ-қырғыз шекарасында контрабандалық жүк көлігі ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

 

Шағын автобусқа мотоциклдер, киім-кешек пен басқа да тауарлар тиелген

Фото: depositphotos.com

 

Қырғызстан шекарашылары Қазақстаннан контрабандалық жүк көлігін ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

20 шілдеде қазақ-қырғыз шекарасында ҚР МКҚК қызметкерлері Volkswagen жүк шағын автобусын тоқтатты. Көлікке халық тұтынатын тауарлар тиелген, алайда ілеспе құжаттары болмаған. Оқиға Ыстықкөл облысының «Қарқара автожол» бақылау-өткізу пунктінде болған. Рульді Қырғызстан азаматы басқарған.

Шағын автобусқа мотоциклдер, киім-кешек пен басқа да тауарлар тиелген.

«Осы құқық бұзушылыққа қатысы бар адамдарды анықтауға және міндетті салық пен басқа да аударымдарды төлемеу түріндегі залал сомасын айқындауға бағытталған тергеу-жедел іс-шаралар басталды», - деп хабарлады ҚР МКҚК.