Астанада ағайынды екі бала жоғалып кетті
Полиция іздеу жұмыстарына қызметтік итті қосқан
Астанада қызметтік ит жоғалған балаларды іздеп тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кіші инспектор кинолог полиция қатардағы Бекнур Шахтай мен Граф есімді ит екеуі бірге 9 жасар бала мен оның 5 жасар қарындасын іздеп тапқан.
Күндіз балалардың әкесі полицияға хабарласып, ойнап жүрген үйдің ауласынан олардың жоғалып кеткенін хабарлаған. Ата-анасы іздеуді өз бетінше ұйымдастыруға тырысқан, алайда нәтиже шықпаған.
«Қызметтік ит дүкеннің жанынан балалардың ізін алып іздеген. Кинологті қозғалыс көп жолға алып келген. Балалар жаяу жүргіншілер өткелінен табылды. Балалардың анасы полицейлерге көрсеткен көмегі мен жедел іздеу жұмысын жүргізгендері үшін алғыс айтты», - деп хабарлады ПД.
7 жастағы овчарка Граф өмірінің көп бөлігін елордалық полицияда кинологиялық қызметте өткізген. Ит іздеу жұмыстарына жақсы дайындалған және иістің ізі арқылы адамды іздеп табуға үйретілген. 6 жыл бойы ит кинологтерге іздер мен адамдарды табуға көмектесіп жүр.