Алматыда қалалық аурухананың жанынан әйелдің жалаңаш мәйіті табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қылмыстық іс қозғалды

Фото: istockphoto.com

Әлеуметтік желіде Алматы қаласы №1 емханасының жанында әйел адамның киімсіз мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қаласының полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

«Зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ адамның мәйітін табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды.