Алматыда үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды

Azattyq Rýhy

Оны пышақтап жасырынған әйел марқұмның туысы болып шықты 

Алматыда үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды
Фото: istockphoto.com

Алматыда кісі өлтірді деген күдікке ілінген әйел ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кешкі сағат 17:00 шамасында аса ауыр қылмыс жасалған. Алмалы ауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінде денесінде пышақ жарақаттары бар ер адамның мәйіті табылды.

«Бұл қылмыс «ізін суытпай» ашылды. Адам өлтірді деген күдікпен «Буран-065» патрульдік полициясының экипажы әйел адамды ұстады. Ол өлтірілген ер адамның туысы екені анықталды. Олардың арасында кикілжің болып, нәтижесінде әйел адамның қолына пышақ алғандығы белгілі болды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды. Басқа да мән-жайлар анықталады», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.