Өскеменде жеті жастағы бала жоғалып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Іздеу жұмыстары әлі оң нәтиже берген жоқ

Фото: osa_news_vko/Instagram

Өскеменде 23 шілдеде 7 жастағы Богдан есімді ұл бала жоғалып кетті. Ол соңғы рет жағажай аймағында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үйінен серуендеп келуге шыққан бала жоғалып кетті.

«Соңғы рет оны Самал саябағындағы жағажай аймағында көрген», - деп хабарлады ШҚО ПД.

Жоғалып кеткен күні бала қызыл футболка, көк шорт және қара аяқ киім киген. Баланы құтқарушылар мен полиция іздеп жатыр.