22.07.2024, 22:17
Оқиғалар
Алматы облысында наурыз айында жоғалып кеткен үш жасар қыз өлі табылды
Қазіргі уақытта сот-медициналық және генетикалық сараптамалар тағайындалды
Фото: instagram.com/baurzhan__alenov
Алматы облысында наурыз айында жоғалып кеткен үш жасар қыз өлі табылды. Бұл туралы Алматы Облыстық ПД басшысы Бауыржан Аленов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгін, 22 шілдеде Еңбекшіқазақ ауданының полициясына адам сүйектерінің табылғаны туралы хабарлама түскен.
Қазіргі уақытта сот-медициналық және генетикалық сараптамалар тағайындалды.
Еске сала кетейік, 2024 жылғы 17 наурызда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында үш жасар Айя-София есімді қыз жоғалып кеткен болатын. Ол түстен кейін үйден шығып, содан соң оралмаған.
Қазіргі уақытта күдіктілер қамауда.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды