$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.04.2020, 10:08
Оқиғалар

Қостанай облысында 4 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Қазір өңірде COVID-19 инфекциясы анықталған 49 адам бар

Қостанай облысында 4 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 4 адам тіркелді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Қостанай облысының Жітіқара қаласында коронавирус инфекциясын тағы 4 адамның жұқтырғаны анықталды.

COVID-19 вирусын 1962, 1975 және 1990 жылғы әйел адамдар жұқтырған. Сонымен қатар, 2009 жылғы оқушы қыздан табылды.

«Науқастар бұған дейін коронавирусты жұқтырған адамдармен байланыста болған. 14 сәуірден бастап карантиндік стационарда болды. Екінші қайтара тексерген кезде ПТР зерттеуі вирусты жұқтырғанын көрсетті, - делінген ақпаратта.  

Емдеу шаралары бекітілген хаттамаға сай жүргізіледі. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.

Қазіргі уақытта облыста COVID-19 инфекциясы 49 адамда анықталды, олардың ішінде 3 адам сауығып шықты.

Серіктес жаңалықтары