21.07.2024, 04:00
Оқиғалар
Ақтауда екі шағын ауданның жастары арасында жаппай төбелес болды
Полиция қылмыстық іс қозғады
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
Ақтаудағы жаппай төбелес фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Басылымның жазуына қарағанда, бір күн бұрын желіде жастардың бір-бірімен төбелесіп жатқанын көрсететін бейне пайда болды. Полиция 31А және 31Б шағын аудандар арасындағы төбелеске қатысқан барлық адамдар ұсталып, бөлімшеге жеткізілгенін хабарлады.
«Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайларды анықтау үшін жедел-тергеу іс-шараларының барлық кешені өткізіледі. Тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтер жария етілмейді», - деді ведомстводан.
Көп оқылған
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге, өзімнің 4 млн теңге қарызым бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
23.11.2026, 13:08
«Көз жасымды ұстай алмадым»: анасын іздеген белгиялық Жәнібек туған шешесінің хатын алған
23.11.2026, 07:36
Астанада жаңбыр мен қар, Алматыда көктайғақ: алдағы үш тәулікте ауа райы құбылмалы болады
23.11.2026, 05:27
Теміртау маңындағы тасжолда жарылған дөңгелек үш жол апатына себеп болды
23.11.2026, 08:17
Сүйінші: Маңғыстауда бір жыл бұрын үш баласынан айырылған 51 жастағы әйел сәби сүйді
23.11.2026, 15:20
Қызылодада мас ер адам қыздарды қорғаған жас жігітті пышақтап тастады
