«Алматы-Екатеринбург» тас жолында 3 көлік соғысты

Автор: Azattyq Rýhy

Салдарынан 9 адам зардап шекті

Фото: ТЖМ

«Алматы-Екатеринбург» жолында 3 көлік соғысып, салдарынан 9 зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін апаттар медицинасы орталығының шұғыл әрекет ету бригадасы «Алматы-Екатеринбург» автожолында болған жол-көлік оқиғасына барды. Анықталғандай, 3 көлік соқтығысқан.

Құтқарушылар зардап шеккен 9 адамға, оның ішінде 3 балаға шұғыл медициналық көмек көрсетті. Олар ауруханаға жатқызуды қажет етпеді.