$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.07.2024, 13:51
Оқиғалар

ШҚО-да қарт ана неліктен жертөлені паналап жүр

Оның ұлы алкогольге тәуелді екені анықталды

ШҚО-да қарт ана неліктен жертөлені паналап жүр
Фото: freepik.com

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті резонанстық іс бойынша түсініктеме берді: ұрып-соғудан және ұлының агрессивті мінез-құлқынан қорқып, қарт әйел жертөлелерде түнеуге мәжбүр болған. Полицияның мәліметінше, қарт ананың ұлы алкогольге тәуелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Шілде айында қарт әйел алкогольдік ішімдіктерді көп пайдаланатын ұлына шара қолдану туралы өтінішпен келді. Бұл ретте отбасылық жанжалдар мен дене жарақатын келтіру фактілері туралы хабарланбаған. Бұған дейін ақпан айында іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған еді», - деп атап өтті өңірдің ПД.

Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол тергеу изоляторына қамалды. Тәртіп сақшылары оны алкогольге тәуелділікті емдеуге одан әрі жіберу үшін материал жинайды.

Күйзеліске ұшыраған әйелдің өзі дағдарыс орталығына орналастырылды.

Айта кетейік, Өскемен қаласының тұрғыны ұлынан қатты азап шеккені турлы «Немолчи» қоры әлеуметтік желіде жазған.

Серіктес жаңалықтары