Түркістан облысында сарқырамаға демалуға барған қыз бен жігіт суға батып кетті

Автор: Аубакирова Нургуль

Олар тыйым салынған жерде шомылған

Фото: видео скрин

Түркістан облысында «Шұқыршақ» сарқырамасына достарымен бірге демалуға барған қыз бен жігіт суға батып көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға туралы «Не молчи» қоры әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Автордың айтуынша, сарқырамаға демалуға келген жастардың екеуі туристердің көз алдында батып кеткен. Адам өміріне қауіпті туристік аймақ сол күйі қоршалмаған.

ТЖМ Azattyq Rýhy тілшісіне бұл ақпаратты растады.

Трагедия 29 маусым «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи саябағының аумағында кешкі 18.00-де болған.

«112 нөміріне түскі сағат 15.30-да адамдар суға кетті деген хабар түсті. Олар тыйым салынған жерде шомылған. Достарымен бірге демалуға барған. ТЖД жедел құтқару жасағының күштері, ТЖД мен полиция департаментінің қызметкерлері 1999 және 2005 жылғы екі адамды іздеу үшін жолға шықты», - деді ТЖМ баспасөз қызметіндегілер.