10.07.2024, 17:03
Оқиғалар
Атырау облысында 4 жасар балақай септикке батып кетті
Бүлдіршін қайтыс болды
Фото: istockphoto.com
Атырау облысындағы балабақшаның бірінде бүлдіршін септикке батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құрсай шағын ауданындағы жеке балабақшаның бірінің аумағында серуендеу кезінде төрт жасар бала кәріз шұңқырына, септикке құлаған. Оқиға бүгін, 10 шілдеде, сағат 11-лер шамасында болған.
Оқиғаны қалалық білім бөлімі растады.
«Қайғылы оқиға Құрсай шағын ауданындағы «Чебурашка» жеке балабақшасында болды. Қазіргі уақытта құзыретті органдар барлық мән-жайларды анықтауда. Олардан түсініктеме күтеміз. Қайтыс болған баланың отбасына көңіл айтамыз», - деді қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова.
Мәйітті септиктен балабақша қызметкерлері алып шықты. Қылмыстық іс қозғалды.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 15:50
Аптап ыстықтың беті қайта ма: алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды