Алматы облысында барымташылардың 7 тобы құрыққа түсті (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Жыл басынан бері 95 мал өз иелеріне қайтарылды

Фото: polisia.kz

Алматы облысының полицейлері барымташылардың 7 тобын құрықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олардың 19 мал ұрлығына, оның ішінде 12 ауыр санаттағы қылмысқа қатысы бар екені анықталды.

«Сәуір айында Балқаш ауданы Береке ауылының тұрғыны төрт сиырдың жоғалғаны туралы полицияға арызданды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында шаруа қожалықтарының бірінің аумағында ұрланған сиырды сойып жатқан жерінде екі жергілікті тұрғын ұсталды. Күдіктілер қамауда. Олардың төрт мал ұрлығына қатысы бар екендігі дәлелденді. Қазіргі уақытта іс қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылдау үшін сотқа жолданды», – деп атап өтті Балқаш аудандық полиция бастығының орынбасары Нұрлан Мұратұлы.

Өңір полицейлері қабылдаған шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері жалпы құны 55 млн теңгеге жуық 95 малды өз иелеріне қайтарып берді.