Теміртауда жасөспірімді көлік соғып өлтірді (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Жігіт 17 жаста еді

Фото: видеодан скриншот

Теміртауда 8 шілдеге қараған түні жолда 17 жастағы жасөспірімді көлік қағып кетті. Ол оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға Теміртаудағы базардың жанында болды. 17 жастағы жасөспірім жаяу жүргіншілер жолымен өтпеген.

Оны 30 жастағы жүргізуші басқарған жеңіл көлік қағып кетті. Жүргізуші құқық қорғау органдарына жауап берді.

Полицейлер тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Жігіттің денесі отбасына берілді.