Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ
Қызылорда қаласында құрылыс заттары дүкенінен өрт шығып, дүкеннің шатыры мен тауарлар толық жанып кетті. Бұл туралы Қызылорда облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖД мәліметінше, 8 шілдеде сағат 11.49-де Қызылорда қаласы Әбілхайыр хан көшесінде орналасқан «Идеал» құрлыс заттары дүкені жанып жатқаны жөнінде хабар түскен.
«Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер дүкеннің құрылыс заттары мен шатыры толық жанғанын анықтады. Өрт сағат 12.30-да толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті өшіруге 7 техника және 30 қызметкер жұмылдырылды», - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.