09.07.2024, 00:30
Оқиғалар
Батыс Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Фото: БҚО ПД баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ПД мәліметінше, оқиға 7 шілде күні Ақжайық ауданы аумағында болды.
«Сағат 22.00-де Орал-Атырау жолы бойында «ГАЗель» мен «Тойота Камри» автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан «Тойота Камри» автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. «ГАЗель» автокөлігінің жүргізушісі зардап шекпеген. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген ПД хабарламасында.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады