08.07.2024, 20:15
Оқиғалар
Ақтөбеде бірнеше адамды пышақтаған ер адам ұсталды
Денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Фото: depositphotos.com
2024 жылдың 8 шілдесінде әлеуметтік желілерде Ақтөбеде ер адамның үш адамды пышақтап кеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақтөбе облысының полиция департаменті күдіктінің жеке басын анықтап, ұстағанын, бірақ зардап шеккендердің саны нақтыланбағанын айтты.
«Хабар келіп түскеннен кейін оқиға орнына дереу полиция наряды жіберілді. Заңсыз әрекеттер тоқтатылды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады облыстық ПД.
Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауда.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады