Түркістан облысында ер адам экстремистік сипаттағы материалдар таратқан (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

Қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облысында экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан азамат құрықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және ҰҚКД қызметкерлері экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан күдіктіні ұстады.

Діни экстремизмнің жақтаушысы Сайрам ауданының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы радикалды уағызшылардың бейнероликтері мен терроризм идеологиясын насихаттайтын материалдарды таратқаны анықталды.

«Күдіктінің үйін тінту кезінде жедел уәкілдер діни бағыттағы 300-ге жуық кітапты, ноутбукты және басқа да заттай дәлелдемелерді тауып, тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта осы факт бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ІІМ.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.