Түркістанда жоғалған зейнеткер егістік алқабынан табылды

Azattyq Rýhy

Тексеру барысында қарт ананың денсаулығына байланысты үйден есін білмей белгісіз бағытқа шығып кеткені анықталды

Түркістанда жоғалған зейнеткер егістік алқабынан табылды
Фото: Түркістан облыстық ПД

Қазығұрт ауданының полиция бөлімшесіне 82 жасар қарт ананың жоғалғаны туралы хабар түскен. Бұған дейін осындай жағдай бірнеше рет қайталанып, ауыл арасынан табылып жүрген анасының бір күн бұрын үйден шығып кеткенін қызы жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазығұрт ауданы полицейлерінің жедел іздестіру шараларын жүргізуі нәтижесінде қарт ана ауылдан 3-4 шақырым жердегі егістік алқабынан табылды.

«Зейнеткер бір тәулік ішінде дін аман табылды. Тексеру барысында қарт ананың денсаулығына байланысты үйден есін білмей белгісіз бағытқа шығып кеткені анықталды. Оның қызы тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп, әрқашан осылай ел қорғаны болып жүруді тіледі», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.