Түркістан облысында таудан өз еркімен түсе алмаған зейнеткер құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды

Фото: ТЖМ

Түркістан облысында 1958 жылы туылған турист Қазығұрт шыңын мүлдем дайындықсыз бағындыруды ұйғарған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өз бетінше қайтып түсе алмаған қарияға Жедел құтқару жасағының құтқарушылары көмекке келді.

Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 66 жастағы турист таудан аман-есен түсіп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.