Ескерткіш баланы басып қалды: Атырау полициясы оқиға куәгерлерін іздеп жатыр

Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 25 маусымда болды

Ескерткіш баланы басып қалды: Атырау полициясы оқиға куәгерлерін іздеп жатыр
Фото: t.me/guwonline

Атырау полицейлері 25 маусымда Жеңіс саябағында болған қайғылы оқиға куәгерлерін іздеуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ескерткіш басып қалған кішкентай қыздың өліміне байланысты тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

«Оқиғаның нақты мән-жайларын анықтау, істің толықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылғы 25 маусымда кешке болған қылмыстық құқық бұзушылықты көрген және ескерткішті көтеруге көмектескен адамдар Атырау қаласы, Әбілхайрхан даңғылы, №55 (№329 кабинет) мекенжайы бойынша немесе 98-22-72, +7702-741-53-95, +7747-750-95-95 хабарласуларыңызды сұраймыз»,- деп сұрайды Атырау облысы ПД тергеу басқармасы.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай Жеңіс саябағында болған. Баланың әкесі балаларымен бірге ескерткіштің астында қалғанын айтты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.