1995 жылы туған жігіт оқиға орнында көз жұмды
Алматы облысы Есік қаласында белгісіз ер адам жас жігітті пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарап кетті.
Белгісіз ер адам Toyota RAV4 көлігінде келе жатып, жолда 1995 жылы туған жас жігітке 12 рет пышақ сұққаны анықталып отыр. Салдарынан жігіт оқиға орнында көз жұмды.
Редакция Алматы облысы полиция департаментінен түсініктеме сұратты.