Айдос Садықов Киевтегі мұсылман зиратына жерленеді

Автор: Azattyq Rýhy

Қоштасу рәсімі 5 шілдеде өтеді

Фото: Aidos Sadykov / X

Айдос Садықов Киевтегі мұсылман зиратына жерленеді. Жерлеуді Қырым татарлары өз мойнына алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

18 маусымда Киевте азаматтық белсенді, «Бәсе» YouTube арнасының авторына қастандық жасалды. Ол 13 күннен кейін ауруханада қайтыс болды.