Роза Рымбаева мен Мақпал Жүнісова тегін өнер көрсетеді

Azattyq Rýhy

Олармен бірге сахнаға басқа да көрнекті эстрада әртістері шығады

Роза Рымбаева мен Мақпал Жүнісова тегін өнер көрсетеді
Фото: Instagram.com/rozarymbaeva, zhunusova.makpal

Алматыда 7 шілде күні сағат 20:00-де Абай алаңында Ұлттық домбыра күніне орай «Аңыз домбыра» мерекелік концерті өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мерекелік бағдарлама аясында Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Секен Тұрысбек, Айгүл Қосанова, Асылбек Еңсепов, Шолпан Даржанова, Әбділхамит Райымбергенов, Нұркен Әшіров, Ардақ Балажанова, Нұржан Жанпейісов, «Қоңыр» тобы, «Сазген» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Салтанат» би ансамблі өнер көрсетеді.

Сонымен қатар концерте – Кенен Әзірбаев, Төлеген Момбеков, Әсет Бейсеуов, Мейрамбек Жанболатовтың шығармалары орындалады. Іс-шара аясында қазақ халық аспаптары шеберлерін – талантты қолөнершілерді естелік сыйлықтармен марапаттау өтеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.