$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.10.2019, 09:27
Оқиғалар

Алматыда куәліксіз жүргізуші баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Түрлі жарақат алған бала ауруханаға жеткізілген

Алматыда куәліксіз жүргізуші баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда куәлігі жоқ жүргізуші баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz inAlmaty.kz басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 19 қазанда Шұғыла ықшамауданында болған. 2012 жылы туған бала рұқсат етілмеген жерде жолдан өткісі келген, сол мезетте оны көлік қаққан. Жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған. Түрлі жарақат алған бала ауруханаға жеткізілді.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде қашып кеткен ер адам анықталып, ұсталды. Ол Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адамның бұрын көлік құралын жүргізу құқығынан айырылғаны, сақтандыру полисі мен міндетті техникалық байқаудан өтпегені анықталды», - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Баланы қағып кеткен автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Наурызбай ауданының полиция басқармасы істі тергеп жатыр. Және тиісті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары