Ақтауда педофил 6 жасар қызды молаға апарып зорламақ болған

Автор: Azattyq Rýhy

Жігіттің күдікті әрекетін куәгерлер байқап, қылмыстың жолын кескен

Ақтауда 6 жасар қызды зорламақ болған педофил қол түсті деп хабарлайды КТК телеарнасы. Күдікті оқушыны «балмұздақ әперемін» деп алдаған.

Оның әрекеті бейнебақылау камерасына түcіп қалған. Күдікті аулада ойнап жүрген қыз баланы алдап, жолдың арғы бетіндегі моланы бетке алады. Сол сәтте маңдағылар жігіттің іс-қимылынан сезіктеніп, қылмыстың жолын кескен. Дереу полицей шақырып, 11-ықшамаудан аумағынан ер адам ұсталды. Ал, 6 жастағы қыз ата-анасына тапсырылды. Бала қорқып қалған. Ұсталған күдікті бұрын ұрлық жасап, алаяқтықпен айналысқаны үшін сотталған.

«Күдікті аталған қылмысты мойындап, қазір ол уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұл жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-бөлігімен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Айгерім Ибатуллаева.