01.07.2024, 00:30
Оқиғалар
Қарағанды облысында екі оқушы қыз суға батып кетті
Олар рұқсат етілмеген жерде шомылған
Фото: istockphoto.com
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында 2011 және 2009 жылғы екі қыз Нұра өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Олар рұқсат етілмеген жерде шомылған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі айтты.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 29 маусымда Нұра өзенінің бойындағы Қызылжар ауылында екі оқушы қыз суға түсуге тыйым салынған жерде белгісіз жағдайда суға батып кеткен. Жағалаудан қыздардың жеке заттары табылған.
«Куәгерлердің айтуынша, балалар суға батқан жердің иірімі қатты, жағадан 4 метрдей жерде тік жар бар. Оқиға орнында үш бала болған. Бір қыз жағада қалған – болған жайтты жақындарына сол қыз хабарлаған», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 16:02
Павлодарда дәрігерлер пойыз астына түскен жас жігіттің бір аяғын кесіп алып тастады: ол бәрібір қайтыс болды
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады