Күш көрсетті: Алматы облысының тұрғыны полиция қызметкеріне шағымданды (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

ПД тексеру жүргізді 

Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны полицейге шағымданды. Қыздың айтуынша, оған күш қолданылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Egov.press telegram арнасы қызды учаскеге күшпен сүйреп апара жатқан видеоны жариялады. Қыздың айқайына тәртіп сақшылары ешқандай реакция жасамаған. 

Шағымданушы құқық қорғаушы оны кеңседе ұзақ уақыт ұстағанын және негізсіз жазылған әкімшілік хаттамаға қол қоюға мәжбүр еткенін мәлімдеді. Күш қолдану салдарынан денесі көгеріп қалғанын да көрсетті. 

Қазір Алматы облысының ПД тексеру жүргізіп, болған оқиғаның мән-жайын анықтауда. Қыз баланың құқық қорғау органдарының заңды талаптарына бағынбағаны белгілі болды.

Ұсақ бұзақылық және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талаптарына бағынбау фактісі бойынша жиналған материал құқық бұзушыны жауапқа тарту үшін сотқа жіберілді, - деп жауап берді ПД.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.