27.06.2024, 12:38
Оқиғалар
Өзін кездейсоқ атып жіберді: Оралда 21 жастағы полицей қаза тапты
Оған ота жасалды
Фото: mgorod.kz
24 маусым күні таңертең БҚО полиция департаментінің ғимаратында 21 жастағы полицей байқаусызда өзіне оқ атқан. БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінше, тәртіп сақшысы облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімшесінде есін жимастан 27 маусымға қараған түнгі сағат 00.00-де көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқ жарақатын алған полиция қызметкеріне облыстық ауруханада ота жасалған.
Қазір өзін-өзі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.
Көп оқылған
02.10.2026, 16:53
«Сотқа күйеуінен сұранбай келе ме?»: Данияр Кенжеұлы Роза коучты кезекті рет сынға алды
02.10.2026, 17:32
«Таспен қуып, өлтіремін деп қорқытты»: Алматыда ішіп алған ер адам бойжеткенге шабуыл жасады (ВИДЕО)