Ақмола облысында жол апатынан мотоцикл жүргізушісі қайтыс болды

Azattyq Rýhy

Полицейлер жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайларын анықтайды

Ақмола облысында жол апатынан мотоцикл жүргізушісі қайтыс болды
Фото: depositphotos.com

Ақмола облыстық полицейлері мотоцикл жүргізушісінің қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПД-ның хабарлауынша, 2024 жылдың 21 маусымында жергілікті маңызы бар «Лозовое – Первомайка» тас жолында «Эндуро» маркалы мотоциклін тізгіндеген Астана қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны Ақмола облысы тұрғынының басқаруындағы «Mazda Premacy» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

«Оқиға орнында мотоцикл жүргізушісі қаза тапты. Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі, яғни «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайларын анықтайды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.