Өрттің шығу себебі анықталуда
Бүгін, 26 маусымда Орал қаласындағы жатақханалардың бірінде өрт болды. Екі шаршы метрді қамтыған қызыл жалын үй заттары мен қоқысты шарпыған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар оқиға орнына келген соң өртеніп жатқан бөлмеде бір адамның барын анықтады.
«Өрт сөндірушілер кіреберіс есікті ашып, 2009 жылы туылған қыз баланы құтқарып, оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында шақырған сәттен бастап 17 минуттың ішінде өрт сөндірілді. Қайтыс болғандар жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда», - делінген ТЖМ хабарламасында.