$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бишімбаев ісі: Сот бірінші үкімді өзгеріссіз қалдырды

Бұған дейін экс-министрдің адвокаты оған тағылған айыпты өзгертуді талап еткен 

Бишімбаев ісі: Сот бірінші үкімді өзгеріссіз қалдырды
Фото: скриншот

Астанада апелляциялық сот алқасы Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық істі қарады. Сот олардың өтінішін қанағаттандырған жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін, адвокат Ерлан Ғазымжанов Бишімбаевқа тағылған «Аса қатігелдікпен адам өлтіру» ҚК 99-бабын «Абайсызда өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіру» ҚК 106-бабына ауыстырып, жазаны жеңілдетуді сұраған. Ал азаптау бойынша айыпты мүлде алып тастап, оны жаңа құраммен жаңадан қарауды талап етті.

Еске салайық, Қуандық Бишімбаев марқұм әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен, қинап өлтіргені үшін 13 мамырда 24 жылға бас бостандығынан айырылған, ал оның қылмысын жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын.

Серіктес жаңалықтары