БҚО-да полицей жеке көлігімен жылқыға соғылып, бір адам мерт болды

Azattyq Rýhy

Қазіргі кезде осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

БҚО-да полицей жеке көлігімен жылқыға соғылып, бір адам мерт болды
Фото: istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері жеке көлігімен жылқыға соқтығысып, бір адам қайтыс болды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ПД мәліметінше, қайғылы оқиға 23 маусымға қараған түні Сырым ауданы Тоғанас ауылынан 6 шақырым жерде орын алған. 

«1993 жылғы полиция қызметкері «Лада Приора» автокөлігімен келе жатып, жылқыға соғылды. Содан кейін 1972 жылғы жүргізуші «Фольксваген Пассат» көлігімен аталған көліктің артынан келіп түйген. Жол апаты салдарынан «Фольксваген Пассат» автокөлігінің жүргізушісі оқғиа орнында көз жұмды. Мал иесіне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 408-бабына (ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген хабарламада. 

Қазіргі кезде осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.