ШҚО-дағы орман өрті сөндірілді

Автор: Azattyq Rýhy

Өрт аумағы 3948 гектар болды

Фото: баспасөз қызметінен

Шығыс Қазақстан облысында «Семей орманы» резерват аумағындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өрт 25 сәуірде 19:00-де сөндірілді. Өрт аумағы 3948 гектар болды. Өртті сөндіруге жұмылған Шығыс Қазақстан облысы және Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары тұрақты орындарына оралып жатыр», - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге «Семей орманы» МОТР күштері мен құралдары жұмылған.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Шығыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер үшінші тәулік бойы орман өртін сөндіріп жатқанын хабарлаған едік.