Жаңаөзен-Ақтау тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Azattyq Rýhy

Көліктердің бірі жол ортасын бөліп тұрған темір жиекке қатты жылдамдықпен соғылған

Жаңаөзен-Ақтау тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Фото: mangystaumedia.kz

Жаңаөзен-Ақтау арасындағы тас жолда жол апаты болып, адам өлімі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қайғылы жағдай Жаңаөзен қаласына таяу маңдағы жолдың ұшақ қонатын аумағында тіркелген.

«Әлеуметтік желіде жария болған суреттерде оқиға кезінде Lexus GS300 көлігінің жол ортасын бөліп тұрған темір жиекке қатты жылдамдықпен соғылғанын аңғаруға болады. Сонымен бірге, көлікте болған екі адамның қозғалыссыз жатқаны анық байқалады», - делінген ақпараттық сайттың хабарламасында.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.