Полиция бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады
Ақмола облысында зейнеткерге өзін ұялы байланыс компаниясының қызметкері ретінде таныстырып, қарияның атына 7 млн теңгеден астам сомаға несие ресімдеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Зардап шеккен 72 жастағы жергілікті тұрғынның өтініші Қосшы қаласының полиция бөлімінде тіркелді. Зейнеткердің айтуынша, ер адам оған SIM картасының қызмет мерзімін ұзартуды ұсынған және SMS-ке келген код жазуды сұраған.
«Әрі қарай, жәбірленушіге жетекші банктің жалған қызметкерлерінен оның атынан несие алуға өтінім туралы жалған ақпарат келіп түсе бастады, оның күшін жою үшін ер адам жеке ЖСН мен жұбайының ЖСН-ін хабарлауы қажет екенін айтқан. Алаяқтардың бірқатар нұсқауларын орындағаннан кейін, ер адам қылмыскерлер оған және оның жұбайына несие алғанын білді», - делінген хабарламада.
Полиция бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.