ШҚО-да есірткіні насихаттаушылар қылмыс үстінде ұсталды

Azattyq Rýhy

Олар «QR-коды» бар брошюраларды жапсырып жүрген жерінен құрықталды

ШҚО-да есірткіні насихаттаушылар қылмыс үстінде ұсталды
Фото: ШҚО ПД

ШҚО полицейлері есірткіні насихаттаумен және жарнамалаумен айналысқан облыс тұрғындарын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының 21 және 18 жастағы екі азаматын «QR-коды» бар брошюраларды жапсырып жүрген жерінен анықтады, онда есірткі құралдарын сатып алу үшін электрондық мекенжайлар көрсетілген.

«Жастар хабарландыруды мессенджер арқылы тапқанын, онда әр жапсырылған парақша үшін 300 теңге көлемінде төлем жасауға уәде етілгенін айтып берді. Күдіктілердің өзімен бірге тағы да жабыстырылмаған 8 «хабарландыру» болған», - делінген хабарламада.

Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын насихаттау, заңсыз жарнамалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері екі азаматтың осындай қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.