Дем жетпей көгеріп қалды: Түркістанда 7 айлық бала құтқарылды (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

Баланың атасы көмек көрсеткен полиция қызметкерлеріне алғысын жаудырды

Түркістан облысында патрульдік полиция қызметкерлері 7 айлық нәрестені аман алып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыс орталығының Әмір Темір көшесінде күнделікті қызметте жүрген сақшыларға егде жастағы жүргізуші келіп немересіне дем жетпей жатқанын айтқан. Мұны естіген полицейлер бірден көмек қолын созды. Көлік ішінде ауа жетпей көгеріп жатқан шақалақ пен анасы отырған.

«Әріптесім Сламхан Серікбай екеуміздің жүгіріп жүргенімізді көрген тұрғындардың бірі өзінің дәрігер екенін айтып, қасымызға келе қалды. Абырой болғанда балаға алғашқы көмек көрсетіп үлгердік. Одан әрі анасымен бірге ауруханаға жылдам жеткіздік», - деді полиция қызметкері Бауыржан Ілес. 

Атасы сақшыларға алғыс білдірді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.