19.06.2024, 13:42
Оқиғалар
Парақор Балық шаруашылығы комитетінің басшылары сотталды (ВИДЕО)
Сот үкімімен оларға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің басшылары жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Н.Т.Жүнісов және оның қарамағындағылар – балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысы Е.К. Суықбаев сотталды.
Сот үкімімен оларға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, аталған адамдар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Олар жалпы қамқорлығы үшін 2021 жылдан 2024 жылдың ақпанына дейін шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі түрде пара алды деп айыпталды.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды