«Біреу өлтіріп, мәйітті лақтырған сияқты»: Алматыда көшеде жалаңаш жатқан әйелдің денесі табылды
Қылмыстық іс қозғалды
Алматыда Наурызбай ауданының тұрғындары жалаңаш әйелдің денесін тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі желіде жазды.
«Таусамалы ауылы, «Монтажник» СО-да 15 маусымда бірнеше полиция көлігі келді. Бұл жерде жас әйелдің денесі табылды. Ол киімсіз жалаңаш болды», - делінген жазбада
Қоғам белсендісі тұрғындардың қорқып жатқанын жеткізді.
«Біреу өлтіріп, мәйітті лақтыруға келген сияқты», «Камералар бар, денені тастағандарды табуға болады», «Балалар көріп, қорқып кетті», – деген жұртшылық.
Оқиғаға байланысты Алматы полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Қазіргі уақытта күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде. Басқа жағдайлар анықталуда», - деп хабарлады полиция.