Қамқорлығы үшін 20 мың АҚШ доллары: Шымкентте суррогат алкоголь өнімін сатқан кәсіпкер ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды

Фото: istockphoto.com

Шымкент қаласы спирт зауытында 81 тоннадан астам есепке алынбаған спирт өнімі анықталды. Заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментінің лауазымды тұлғасына пара беріп келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Есепке алынбаған спирт суррогат алкоголь өнімін өндіретін адамдарға сатылған.

«Мереке және демалыс күндері (сенбі және жексенбі) есепке алынбаған спиртті заңсыз тиеп-жөнелтудің фактілері тіркелді, бұл этил спиртін сақтау және өткізу ережесін бұзуға әкеп соққан (ҚР ҚМ 20.02.2015 ж. «Этил спиртін сақтау және өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдау) ережесін бекіту туралы» бұйрығы). Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында аталған спирт зауытының басшысы ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментінің лауазымды тұлғасына алкогольді заңсыз сатумен және қылмыстық жауапкершіліктен босатудағы жалпы қамқорлығы үшін 20 000 АҚШ доллар бір реттік төлем мен ай сайын 1 000 000 теңге сомасында пара ұсынған», - делінген ақпаратта.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.