Түйе, ешкі, ірі қара: Құрбан айттың алғашқы тәулігінде қанша мал шалынды

Azattyq Rýhy

Құрбандыққа шалынған малдың 10 пайызы онлайн тапсырыспен іске асты 

Түйе, ешкі, ірі қара: Құрбан айттың алғашқы тәулігінде қанша мал шалынды
Фото: muftyat.kz

Құрбан айттың бірінші тәулігінде 20 мыңнан астам мал құрбандыққа шалынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігі 16 маусымда республика көлемінде жалпы саны 20 236 мал шалынса, 1 788 тапсырыс qurban2024.kz сайты арқылы берілгенін хабарлады.

Шалынған мал саны:

  • қой – 17 327;
  • ешкі – 1 597;
  • ірі қара – 1 307;
  • түйе – 5.

Құрбандық еті ел бойынша 62 561 отбасыға, 136 мекемеге құрбандық еті таратылды.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғам алдындағы негізгі қызметінің бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. ҚМДБ көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында биыл да құрбан шалуды офлайн және www.qurban2024.kz сайты арқылы онлайн жүзеге асырып отыр», – делінген ҚМДБ хабарламасында.

Биыл құрбан айт 16-18 маусымға сәйкес келеді. Қой бағасы 75 мың теңге, ірі қара 490 мың теңге деп бағаланды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.