Марқұмның денесі 3 метр тереңдіктен табылды
Ақтау қаласынан оңтүстікке қарай 33 шақырым жерде, суға шомылуға жабдықталмаған аймақта 2003 жылы туған жас жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Суға батқан ер адамды іздестіруге өңірлік Төтенше жағдай департаментінен 15 құтқарушы, 5 техника, 4 жүзу құралдары және 2 дрон жұмылдырылған.
Сондай-ақ өзара іс-қимыл шеңберінде ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Маңғыстау облысы бойынша 1 шағын күзет кемесі, 4 сүңгуір, 2 бірлік техника жұмылдырылған. Бұдан бөлек, ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ ЕО-145 тікұшағы тартылған.
Іздеу жұмыстары барысында У.есімді азаматтың жағадан 90 метр ұзап кеткені анықталып, денесі 3 метр тереңдіктен табылды.