Алматыдағы қонақ үйлердің бірінен өрт шықты
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Бүгін таңда Алматыдағы қонақүйлердің бірінен өрт шықты. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖД мәліметінше, 12 маусымда, таңғы сағат 6:00-де Алатау ауданы, Қарасу ықшам ауданы, Молодежная көшесінде орналасқан қонақүйден өрт шықты.
«ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша оиға орнына 6 минутта жетті. Өрт сөндірушілер 2-қабатты қонақүйдің ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Өрт бутиктерге таралып үлгерген. Дереу өрт оқпандары жақын маңдағы дүкендер мен жеке тұрғын үйлерді қорғауға берілді, өртті сөндірудің 3 учаскесі құрылып, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді»,- делінген хабарламада.
Өрт 06-45-те оқшауланып, 07-00-де сөндірілді.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Өртті сөндіруге ТЖД 21 техника, жеке құрамынан 75 адам жұмылдырылды.