$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Йемен жағалауында мигранттар мінген қайық аударылып, 41 адам қаза тапты

Кейбір мигрант хабар-ошарсыз кеткен

Йемен жағалауында мигранттар мінген қайық аударылып, 41 адам қаза тапты
Фото: freepik

Йеменнің шығыс жағалауындағы Араб теңізінде Африкадан келген мигранттардың қайығы аударылып, 41 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға жайлы Йемен денсаулық сақтау министрлігінің Шабва Али Әл-Дхиб провинциясындағы өкілдігінің бас директоры хабарлады.

Оның айтуынша, 200-ден астам африкалық мигрант мінген қайық Шабва жағалауындағы суда аударылған. Ол Шабваның денсаулық сақтау қызметі мен халықаралық көші-қон ұйымының іздеу-құтқару бригадалары провинцияның оңтүстік-шығысындағы Радхум ауданының жағасында қаза тапқандардың денелерін табу үшін тынымсыз жұмыс істеп жатқанын растады.

Синьхуа хабарлағандай, тірі қалғандардың 70-тен астамы жағаға жетіп үлгерді, оларға жергілікті жерде медициналық көмек көрсетіледі.

А.Әл-Дхибтің айтуынша, қаза тапқандар саны артуы мүмкін, өйткені кейбір мигранттар әлі де хабар-ошарсыз. Йеменде 10 жылға жуық жалғасып келе жатқан қақтығыстарға қарамастан, Сауд Арабиясы мен басқа Парсы шығанағы мемлекеттеріне жетуге ұмтылған мыңдаған африкалық мигрант үшін транзиттік пункт ретінде қызмет етуді жалғастырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары